Атырау, 26 декабря 14:07
 облачноВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

FORTEBUSINESS: ЖАҢА ДӘУІР ТАЛАБЫ

PR
4 748 просмотров


 

ForteBank-тің ForteBusiness ұсынысы аясында биылдан бастап шағын кәсіпкерлердің онлайн түрде шот ашып, кредит алу мүмкіндігі арта түсті. Банк мамандарының айтуынша, цифрлық коммуникациялар банк клиентінің уақытын үнемдеумен қатар, барлық мәселені жедел әрі тиімді етіп шешіп бере алады.

 

ForteBank-тің ForteBusiness интернет банкингі ұсынып отырған жаңа өнімдері туралы бізге «ForteBank» АҚ-тың Атырау қаласындағы филиалы директорының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша орынбасары Ринат Нұрлыбайұлы ИСЕНАЛИЕВ мырза әңгімелеп берді.

 

  • Биылдан бастап біздің банк жеке кәсіпкерлерге тегін онлайн шот ашу сервисін іске қосты. Ендігі кезеңде ForteBank клиенті боламын деген жеке кәсіпкер банк кеңсесіне келмей-ақ, кез келген жерде отырып өзіне онлайн шотты тегін аша алады. Бұл сервис дәл қазір аса өзекті. Бүгінгі күні әркім  өзінің және жақындарының денсаулығына алаңдаулы, ал біз ұсынып отырған цифрлық қызмет түрлері клиенттердің уақытын үнемдеумен қатар, COVID-19 індетінен қорғануға да септік етпек.
  • Онлайн шот ашуға қанша уақыт кетуі мүмкін?
  • Ең көп дегенде 15 минут. Жалпы, біздің банктің digital-сервистері жылдам әрі қолдануға өте ыңғайлы. Қалай дегенмен, жылдамдық көрсеткіші бойынша онлайн процестер дәстүрлі қызметтермен салыстырғанда қашанда көш ілгері. Қолымыздағы мәліметтер көрсеткендей, соңғы айларда біздің банктен шот ашқан клиенттердің 35%-і осы «Онлайн шот ашу» қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіш әлі де өсе түсетіні анық.
  • Бұл үшін қандай құжаттар қажет?
  • Бұл процедура өте қарапайым әрі тегін. Ең бастысы, жеке кәсіпкердің өз электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт және жылдамдығы жоғары Интернет керек. Онлайн шот ашу бойынша  ұсыныс ЖШС үшін де ескерілген. Олар банк сайтында шот ашуға өтінім қалдырса болды, мәселе барынша жылдам шешіледі: талап етілетін құжаттар пакеті өте аз.
  • Forte Business аясында онлайн кредиттеу де ескерілген...
  • Ия, бұл тұрғыда біз жеке кәсіпкерлерге арналған online овердрафт және POS терминал айналымына қарай online овердрафт өнімдерін ұсынамыз. Егер клиент шотындағы жеке қаражаты келісімшарттар бойынша жедел есеп айырысу үшін жеткіліксіз болса, онда ол біздің банкке онлайн түрде  өтініш жолдап, қажет ақшаға қол жеткізе алады.
  • Кредит сомасы мен кредиттеу мерзімі қандай?
  • Кредит сомасы 500 мыңнан 20 млн теңгеге дейін. Кредит мерзімі 30 күн. Сыйақы мөлшерлемесі – жылына 17%-тен басталады. Басты артықшылық – құжат жинап, арнайы банкке келіп, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Барлық мәселе онлайн рәсімделеді. Айтқандай, ForteBank-тің осы оnline овердрафт өнімі бойынша ең бірінші кредит алған банк клиенті біздің атыраулық кәсіпкер.

 

  • Қарыз алушыға қандай талаптар қойылады?
  • Оnline овердрафт кредитіне үміт артқан кәсіпкердің бизнесі кредит беру күніне дейін кемінде 12 ай бойы жұмыс істеп тұруы тиіс. Сол сияқты, кредит алушы кәсіпкер банкке соңғы 12 айдағы кредиттік тарихын ұсынуы керек. Міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі болмағаны дұрыс. Ескеретін жайт – қаржыландыру сомасы кәсіпкердің таза табысының 50%-нен аспайды. Ал POS-терминал айналымына қарай берілетін оnline овердрафт кредитінің сомасы 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін. Бұл тұрғыда жеке кәсіпкердің бизнес тарихы кредит алуға өтінім берген сәтке дейін кем дегенде 6 айды қамтуы тиіс.

            Лицензия 1,2,29/197/36 Берілген күні: 03.02.20ж.

 

 

3 октября 2021, 09:34

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш Телеграм и на editor@azh.kz.

Комментарии отключены