Атырау, 26 декабря 15:47
 облачноВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мүнира Ижанова: «Қыз Жібекке» қосқан үлесім еленбей жүр»

Видео
7 310 просмотров


Биыл қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз Жібек» фильміне – 50 жыл!

Әлі күнге дейін әйгілі фильмде «Гәкку» әнін кімнің орындағанын білмейтіндер бар. Бірі Қыз Жібектің ролін сомдаған актриса Меруерт ӨТЕКЕШОВА орындаған десе, енді біреулері «қазақтың бұлбұлы» атанған опера әншісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА деп қателеседі.

Ал шындығында, кадр сыртында «Гәкку» әнін Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің ұстазы Мүнира ИЖАНОВА орындаған болатын. Мүнира Матайбайқызы да Бибігүл Ахметқызы секілді Семей өңірінің тумасы. Ол да Бибігүл Ахметқызы секілді сирек кездесетін лирикалы-колоратуралы сопрано дауысының иесі. Ол да жасы 78-ке келсе де әлі күнге дейін табиғи дауысын жоғалтпаған опера әншісі. Зейнет жасына шықса да ұстаздық етуден жалықпаған жалынды педагог. 1975 жылы Атырауға келін болып түскелі бері осында 45 жыл бойы тұрып келеді. 



27 февраля 2020, 00:00

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш Телеграм и на editor@azh.kz.