Атырау, 5 ноября 21:19
 будет пасмурноВ Атырау -1
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Енді азаматтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне өз бағасын бере алады

PR
4 799 просмотров


Енді Қазақстанда мобильдік қосымша көмегімен халықты жұмыспен қамту орталығына жіберілген өтінімге қатысты жауапты 5 минут ішінде алып, қызмет көрсету сапасын нақты уақыт тәртіптемесінде бағалауға болады.

Қазіргі замандағы адам жедел байланыс құруға, сұрақтарға тез жауап алуға үйренген, қарым-қатынастар гаджетке көшіп, қызметтердің көпшілігіне - ұйымға өтінім жасау болсын не зат сатып алу болсын - бәріне цифрлік форматта қол жеткізуге болады. Цифрлік заманның тағы бір белгісі – әлеуметтік желілердің дамуы, мұнда кез келген адам Facebook не Instagram-да парақшасын ашу арқылы бұқаралық ақпарат құралына айнала алады. Бұл ешқашан мүмкін емес еді, ал қазір жеке адамның пікірі үлкен салмаққа ие: бір ғана конструктивті пікір жөнді ұсынысты енгізуге, оң өзгерістерге бастама береді, халыққа көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы мен сапасын жақсарта алады. Қызмет алушылардың пікірлері қазір өте жоғары бағаланады, өйткені ақпаратты алудың жылдамдығы арқасында бүгін қысқа мерзім ішінде қызметтің кемшіліктерін жойып, сынға жауап беріп, келелі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – қоғамның күрделі әлеуметтік мәселелерін шешуге келгенде бірінші қатарда тұратын мемлекеттік органдардың бірі, сондықтан министрлік азаматтармен тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін әртүрлі құралдарды өз қызметіне ұдайы ендіріп отырады. Кері байланыс алу және мәселелерді шешу тетігі сондай құралдардың біріне айналып отыр. Бұл тетіктің аясында жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қызметтерді алушылардың өтінімдерін қабылдау бойынша тұтастай шаралар кешені қарастырылып қойылған.

Сондай-ақ, аталмыш тетік «Цифрлік Қазақстан» мемле-кеттік бағдарламасы аясында жасалған және App Store мен Play Market–те тегін жүктеп алуға болатын Digital Agent мобильдік қосымшасында жұмыс жасайды. Қосымша бүкіл Қазақстан бойынша мемлекеттік ұйымдардың, соның ішінде, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына қатысты кері байланысты шапшаң түрде алып, оны өңдеуге мүмкіндік береді.

Еңбек министрлігінің қолда-нып отырған кері байланыс тетігі сыпайы сөйлесу, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейі, әкімшілік кедергілердің бар-жоғы, күту уақыты, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдайдың қарастырылуы бойынша жұмыспен қамту орталықтарындағы қызмет көрсету сапасын нақты уақыт тәртіптемесінде бағалап, ең қысқа мерзім ішінде шағымға жауап алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтарда аз уа-қыты мен күшін жұмсай отырып, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін бағалап, өз мәселелерін шешу үшін көмек алып қана қоймай, сонымен бірге, қызметті жақсарту үшін ұсыныс айтуға мүмкіндік пайда болып отырғандығын атап өту маңызды. Жұмыспен қамту мемлекеттік қызметтері жайлы пікіріңізбен бөлісу үшін мобильдік қосымша арқылы өз қалаңызды белгілеп, бағаланып отырған жұмыспен қамту орталығын таңдап, бағаны қойып, пікір қалдыру қажет. Шағым түскен жағдайда орталық қызметкерлері хабарлама алып, туындаған мәселе бойынша 5 минут ішінде қайта қоңырау шалады.

Аталмыш тетік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүние-жүзілік банктің қаржылай және техникалық қолдауымен жүзеге асырып отырған «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында іске қосылды.

30 января 2020, 10:15

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш Телеграм и на editor@azh.kz.

Комментарии отключены