Атырау, 7 декабря 17:48
 ясноВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Атырау мұнай және газ 2019» және Atyrau Build 2019 көрмесі: сандық жүйеге ауыстыру және инвестициялық мүмкіндіктер

PR
5 379 просмотров


2019 жылдың 9-11 сәуірі аралығында Атырау қаласында Көрме орталығында өңір үшін және мұнай-газ саласында екі маңызды іс-шара: «Атырау Мұнай және Газ» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік құрылыс және AtyrauBuild 2019 ішкі көрініс көрмесі өтеді. Қатысушылар мен келушілерді саланың өзекті сұрақтары және қойылымды кеңейту мәселелері бойынша толық іскерлік бағдарлама күтіп тұр.

 2019 жылы көрмеге қатысушылардың саны 20% артты. Мәселен, бір бизнес-алаңда әлемнің 20 мемлекетінен, соның ішінде Азербайджан, Австрия, Англии, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Малайзия, Түркия және Ресейдің мұнай-газ және құрылыс салаларының 2000 аса мамандар кездеседі. «Атырау Мұнай және Газ 2019» көрмесінде алғаш рет: Транснефть Диаскан, Новометпермь, ТЕМПО, ТЕКСАН, Ельтерм, Silkway Helicopter Services, Robertson GEO компаниялары қатысады.

Негізгі қатысушы-компаниялар бұл екі оқиғаны да өзекті мәселелерді түсіндіру және талқылау үшін тиімді платформа ретінде қарастырады. Мұнай-газ секторының операторлары жеткізуші компаниялармен семинарлар өткізеді, тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік даму жауапкершілігі бойынша есептерді хабарлайды.

Көрменің ресми бөлігімен қатар, іскерлік бағдарлама шеңберінде мұнай-газ индустриясының және құрылыс саласының негізгі үрдістерін түсіндіру және зерттеуге бағытталған семинарлар өткізу қарастырылған. Сандық жүйеге ауыстыру және инвестициялық мүмкіндіктер – 2019 ж. көрменің іскерлік бағдарламасының негізгі арқауы болып анықталды.

9 сәуірде «Атырау Мұнай және Газ 2019» көрмесінің бас серіктесі - Тенгизшевроил компаниясы жеткізушілердіі мүмкіндіктерін дамыту және кеңейту бойынша семинар өткізеді.

AYACOM компаниясы 9 сәуірде «Оffice 365 және басып шығару үшін Canon белсенді пайдалану» тақырыбына семинар өткізеді. Ал Numetech Coatings Asia компаниясы өзінің семинары барысында полиуретанды, гидрооқшаулағыш, едендік және коррозияға қарсы жабындар тақырыбын көтереді. Сол сияқты көрменің бірінші күнінде Kasperskylab компаниясының екі семинары өтеді, олар өндірістік секторға IT-шабуылдар және өндірістік нысандардағы ақпараттық қауіпсіздік туралы айтады. Екінші семинар «Компанияның әлсіз буынын күшті тарапқа қалай айналдырады» тақырыбына арналады.

«Мұнай-газ саласын сандық жүйеге ауыстыру және қазақстандық қамту» конференциясы сол сияқты көрменің бірінші күнінде, бірақ Атырау қаласындағы Armatа қабылдау залында өтеді. Ұйымдастырушысы стратегиялық серіктестіктерді дамыту бойынша Кеңес. Көрменің барлық қатысушыларына кіру тегін.

Көрменің екінші күнінде іскерлік бағдарламада сол сияқты әр түрлі өзекті тақырыптарға семинарлар қамтылған. Көбінесе, көрменің екінші күнінде оқиғаның алтын серіктестері Каспий Құбыр өткізу Консорциумы және NCOC компаниялары «Атырау Мұнай және Газ 2019» көрмесінің алаңында бірнеше семинарлар өткізеді.

10 сәуірде Атырау мұнай және газ университеті экспоненттерді және келушілерді «Өндіруші ұңғымаларда мұнай өңдеуді арттыру технологияларының талдауы» және «Аз тұтқырлы кеме отынын алудың отандық технологиясын құру мақсатында отын композицияларын зерттеу» тақырыптары бойынша семинарға қатысуға шақырады.

Жыл сайын Атырау мұнай және газ көрмесі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Атырау облысының Әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «Қазақстан «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешенді ұйымдастыру қауымдастығы» БЗТ, «KAZSERVICE» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы мен Қазақстанның мұнайшылар және геологтар қауымдастығының ресми қолдауымен өтеді. 

2019 жылы Атырау мұнай және газ 2019 көрмесінің бас серіктесі «Теңізшевройл» ЖШС, алтын серіктестері Каспий Құбыр өткізу Консорциумы және NCOC компаниялары. Күміс серіктесі Borkit Safety компаниясы. Көрменің стратегиялық серіктесі - KasperskyLab. Оқиғаға технологиялық қолдау көрсеткен AYACOM, Madcaps компаниялары.      

Оқиғаны ұйымдастырушы «Iteca» Қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серікстестігі ITE компаниялар тобы (Ұлыбритания).

            

4 апреля 2019, 11:33

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш Телеграм и на editor@azh.kz.


Комментарии отключены