Атырау, 9 мая 17:12
 ясноВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Журналистика ардагерлері мен БАҚ қызметкерлерінің қаперіне!

3 149 просмотров

Үстіміздегі жылдың 1 наурызы мен 31 мамыры аралығында Атырау облысы бойынша ҚР Журналистер одағы (ЖО) мүшелерін есепке алу және тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Шара мақсаты – қоғамдық ұйымның құжаттамасы мен ағымдағы қызметін ретке келтіру.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың 9 ақпанындағы журналистер жиналысы БАҚ-тарда ешқашан жұмыс жасамаған тұлғаларды Одаққа қабылдау туралы филиалдың бұрынғы басшылығының 2004 жыл мен 2017 жылдың ақпаны аралығындағы бүкіл шешімін ҚР ЖО Жарғысының 4-тарауының 1-тармағына қарама-қайшы деп таныды. Енді арнайы жасалған есепке алу картасына барлық қажетті ақпарат екі тілде енгізіледі. Мәліметтер қағаз түріндегі және электронды нұсқада сақталатын болады. Есепке алудың бұл жүйесі қоғамдық ұйымның жаңа мүшелеріне арналған құжаттарды дұрыс ресімдеуге мүмкіндік береді.

Журналистика ардагерлері мен БАҚ қызметкерлері 1 наурыздан бастап филиалдың жаңа мекенжайында: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 48, «Премьер-Атырау» бизнес орталығының ғимараты, 4-қабат, 404-кабинетте қабылданады. Жұмыс телефоны 32-40-63. Құжаттарды филиалдың жауапты хатшысы Алма ҚАЛУСАРИЕВА ресімдейді (оның ұялы телефон нөмірі барлық журналистика ардагерлері мен БАҚ редакцияларына жолданатын болады, жалпы байланыс үшін WhatsApp желісіндегі топқа кіруге болады). Аудандардағы әріптестеріміздің есепке алу картасын ресімдеу үшін көрсетілген телефон бойынша хабарласуларыңыз сұралады. Қажет болған жағдайда жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылады.

Әбділдә МҰҚАШЕВ,

ҚР Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы,

«Ақ Жайық» ЖШС-нің төрағасы, газеттің редакторы

24 февраля 2017, 15:51

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены