Атырау, 17 мая 12:43
 будет пасмурноВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Журналистер одағында көлденең көк аттыға орын жоқ

5 093 просмотра

Бұл пікірмен 9 ақпанда Атырау қаласы, Жарбосынов көшесі, 5 мекен-жайында өткен Атырау облысы журналистерінің жалпы жиналысына қатысушылар бірауыздан келісті. Оған ардагерлер, тілшілер, бірқатар БАҚ-тар мен ірі компаниялардың баспасөз қызметінің жетекшілері қатысты.

Талқыға салу және дауыс беру қорытындыларына сәйкес, жалпы жиналыста БАҚ-тарда ешқашан жұмыс жасамаған тұлғаларды Одаққа қабылдау туралы филиалдың бұрынғы басшылығының 2004 жыл мен 2017 жылдың ақпаны аралығындағы бүкіл шешімін ҚР ЖО Жарғысының 4-тарауының 1-тармағына қарама-қайшы деп тану және жою туралы шешім қабылданды. Кеңестің және тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланып, оған қай құрылымда екеніне қарамастан сала ардагерлері, тілшілер мен басшылар енді. Филиалға басшылық ету «Ақ Жайық» ЖШС төрағасы Әбділдә МҰҚАШЕВҚА сеніп тапсырылды.

Қоғамдық ұйымның құжаттамаларын ретке келтіріп, ағымдағы қызметті атқару үшін және бүкіл мүдделі органдармен үнемі байланыста болу үшін штаттық қызмет енгізілді. Филиал тарихында алғаш рет жауапты хатшы бекітіліп, оған өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен танымал болған журналист Алма ҚАЛАУСАРИЕВА («Мұнайлы Астана» газеті)  сайланды. Оның жұмыс орны Азаттық даңғылы, 48 мекен-жайындағы «Премьер-Атырау» бизнес орталығы ғимаратындағы 404-кабинет болып белгіленді.

Жиналыста басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Шара басталар алдында оған қатысушылар қатаң тіркеуден өткізіліп, дауыс беруге арналған кәртішкелер бірнеше жыл өтілі бар екі тілші үшін қолжетімсіз болды, соның ішінде «АЖ» тілшісі де бар.  

Дегенмен, олар да, шараға қатысуға рұқсат берілген БАҚ-тардың басқа қызметкерлері де шара аяқталған соң енді анағұрлым мобильді (WhatsApp желісінде топ құрылды), жаңартылған және бөгде тұлғалардан тазартылған Журналистер одағының мүшелері болғылары келетіндерін мәлімдеді.

Жеке ақпарат

11 февраля 2017, 19:17

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены