Атырау, 19 мая 21:42
 ясноВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Филармонияда өтетін жиналыс заңды емес

3 910 просмотров


Бүгін, 7 ақпанда сайттардың бірінде 9 ақпан күні облыстық филармонияда өтетін журналистердің жалпы жиналысы туралы хабарландыру пайда болды. Астына Қазақстан Журналистер одағының Атырау облыстық филиалы деп жазылған.

Алаңдап отырған әріптестердің қаперіне: өтерінен екі күн бұрын жарияланатын жалпы жиналыс заңды емес. Оның үстіне, филиал басшысы бұған дейін журналистердің бастамашы тобының көп жылдан соң ең болмаса бір рет есеп беру-сайлау жиналысын өткізу туралы ұсынысынан бас тартқан еді.
Соңғы сәтте филиал атынан сол күні және сол сағатта, бірақ басқа мекенжай көрсетілген осынау оғаш хабарландыру біздің бастамамызбен өткізілгелі жатқан осындай шараны болдырмау әрекеті екенін дәлелдейді.
9 ақпанда сағат 15-те Атырау қаласы, Жарбосынов көшесі, 5 мекенжайында (жаңа ғимараттың екінші қабатында) өтетін Атырау облысы журналистерінің жалпы жиналысы Одақ ережелеріне сәйкес заңды болып табылады. Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарынан бастап бұл жиналыс туралы БАҚ-тарда әлденеше рет жарияланды.


Бастамашы топ: Мұқашев Ә., Берішбаев Т., Сисенбердиев Ә., Сүмесінов М. және т.б.

 

7 февраля 2017, 20:26

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены