Атырау, 20 мая 02:45
 ясноВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Ақша керек пе? Қолма-қол алып, қол қойыңыз!

PR
5 611 просмотров

Image 01999 жылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайту және қолдау мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры құрылған болатын. Әлемнің 104 елінде депозиттерді сақтандыру жүйесінің әр түрлі нысандары қолданылады. Аталмыш жүйені алғашқы болып Америка Құрама Штаттары құрған болатын. Оның құрылуына түрткі болған – елдегі экономикалық дағдарыс.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының беретін кепілі – егер банк мәжбүрлі түрде таратылатын болса, салымшы-жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің ұлттық немесе шетел валютасындағы депозитке салынған қаражаты мемлекет белгілеген мөлшерде, яғни, 10 миллионға дейін ұлттық валютада және 5 миллион теңге көлемінде шетел валютасында қайтарылады. Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты қай банкте болмасын қайтарылады.

Қазіргі таңда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәжбүрлі түрде таратылған «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына қосымша өтемдерді төлеп болды. Бұл туралы және Қордың басқа да жетістіктері жөнінде оның төрағасы Бақыт Қоғылов айтып берді.

- Бақыт Бектұрғанұлы, осы жазда Валют-Транзит Банк салымшыларына қосымша кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі мәресіне жетті, бұл шара қалай жүзеге асырылды?

- Валют-Транзит Банктің жеке тұлға-салымшыларына төленетін өтемнің ең жоғары сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін артты.. Өтем көлемінің артуына себеп болған 2015 жылдың 1 тамызында күшіне енген заң жобасы болатын. Оған сай банк салымшылары, яғни, 4995 адам, депозиттері бойынша 5 миллион теңгеге дейін қосымша сыйақысыз қосымша өтемақы алуға құқылы. Нәтижесінде аталмыш банктің салымшыларына төлейтін кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасы 4,25 млрд. теңгені құрады.

Өтемді төлеу үрдісіне келер болсақ, Қор оны бүге-шігесіне дейін межелеп қойған. Өткен жылдың 10 тамызынан бастап, 2016 жылдың 10 тамызына дейін Валют-Транзит Банк салымшыларына қайтарылатын кепілдік берілген өтем «Банк ЦентрКредит» АҚ банк-агент арқылы төленіп келді, яғни, өз қаражатын алу үшін салымшы банктің кез-келген бөлімшесіне барып, өтініш беруге тиіс болатын.

Бірақ, өтемді төлеу әлі аяқталған жоқ, үстіміздегі жылдың 11 тамызынан бастап бұл жұмысты Қор өз мойнына алды. Қазіргі таңда банк салымшыларының 93%-на өтем төленді.

Қазіргі таңға дейін өтініш бермеген салымшылардың арасында тұрғылықты орнын ауыстырған азаматтардың да бар екендігін атап өту керек. Сонымен қатар, салымшы қайтыс болып, мұрагерлері оның депозиті бар екенін білмеуі де мүмкін. Осыған байланысты Қор ондай азаматтармен байланысқа түсе алмай отыр. Сонда да, Қор оларды іздеу жұмысын тоқтатпайды.

Жалпы алғанда, Валют-Транзит Банк салымшыларына қосымша өтем төлеудің өзі айрықша жағдай, өйткені, әлем тәжірибесінде мұндай оқиға болмаған. Аталмыш шара банк салымшылары арасында түсініспеушіліктің, әлеуметтік қақтығыс пен көтерілісті болдырмау мақсатында жасалды. Себебі, Қарағанды қаласындағы салымшылар өз наразылығын бірнеше мәрте білдірген болатын. Сондықтан осы жұмыс табысты орындалды, өйткені, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі мақсаты банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.

- Сіз қазіргі кезде барлық қосымша өтемдерді тікелей жүргізіп отырмыз дедіңіз, ол қалай орындалады?

- Өтемдерді төлеуді біз салымшылар мен олардың мұрагерлеріне мейлінше ыңғайлы етуге тырысамыз, яғни, барлық қаражат өтініште көрсетілген банк шотына аударылады. Мұндай өтінішті жеке тұлға немесе оның заңды өкілі жеке куәлігінің көшірмесін және банкте есепшот ашқаны туралы анықтамамен бірге ұсынуы керек. Егер ол адам мұрагер немесе сенімхат арқылы келген болса, онда мұрагер екендігін растайтын құжаттың немесе қаражатты алуға сенім білдірілген сенімхаттың түпнұсқасын көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар, өтемақыны алу үшін қашықтықтан, яғни, пошта арқылы өтініш беруге де болады. Мұндай жағдайда жеке куәлігінің көшірмесін нотариалды түрде куәландыру қажет. Жалпы алғанда, салымшылар қаражатын қайтарып алу үшін осы шараларды орындаса болғаны.

- Жуырда Қордың осындай жедел қимылы туралы халықаралық сарапшылардың назарын аударғаны туралы ақпарат тарады, бұл рас па?

- Иә, рас. 2015 жылдың нәтижесі бойынша біз әлемнің 77 елінде депозиттерді сақтандыру бойынша қызмет ететін 83 ұйымның басын қосатын Депозиттерді сақтандыру жүйесінің Халықаралық қауымдастығының «Салымшыларға кепілді өтемді төлеу және проблемалы банктердің дәрменсіздігін реттеу саласындағы жетістіктері» номинациясы бойынша «2015 жылдың депозиттерді сақтандыру ұйымы» деген беделді халықаралық марапатқа ие болдық. Біз мұны мақтан тұтамыз және де мұнымен тоқтап қалмаймыз.

- Яғни, тапқан-таянғанымызды депозитке қорықпай сала беруге болады ма?

- Әрине. Қазіргі кезде Қазақстандағы салымға кепілдік беру жүйесі әлемдік стандарттарға сай келеді және әрі қарай да жетілдіріледі.

Қор ретіндегі біздің мақсатымыз – банк мәжбүрлі түрде таратылған жағдайда еш кедергісіз қаражатты кепілді түрде қайтару және салымшы үшін ыңғайлы күйде жүргізілуі, бұл біздің қолымызда, біз оны орындай аламыз. Депозитті сақтандыру жүйесіне қатысушы-банктер мәжбүрлі түрде таратылатыны туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен бастап 14 күннен кейін салымшы кепілдік берілген өтемді алуға мүмкіндік алады. Қордың жұмысы және оның кепілдіктері туралы толық ақпаратты Қор сайтынан – www.kdif.kz оқи аласыздар.

- Сұхбатыңызға рахмет!

10 ноября 2016, 14:25

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены