Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 3 ақпанда сотталушы Гүлмира ӘЗБЕРГЕНОВА («Ақтөбехаусконстракшн» ЖШС мен «BNB Construction» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі) қамауға алу бұлтартпау шарасын басқа жаққа кетпеу туралы қолхат шарасына өзгерту туралы талап етіп, аштық жариялаған еді («Рысқалиевтың ҰҚТ соты: Процесс жалғасуда»).
12 ақпанда адвокат Бақберген АЙТМАМБЕТОВ Әзбергенованың наразылық акциясын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Оның үстіне, сотталушы құрғақ аштыққа көшкен, үш күннен бері су ішпепті. Адвокаттың айтуынша, тергеу изоляторының әкімшілігі тарапынан әзірге реакция жоқ екен.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА