Атырау, 19 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

«ҚазТехМұнайСервис» ЖШС-нің бас директоры тағайындалды

371 рет қаралды

«ҚазТехМұнайСервис» ЖШС бас директоры болып Ерқанат Сағатұлы Қайбалдиев тағайындалды.

Ерқанат Қайбалдиев 1975 жылы Атырау облысында туған. Мұнай-газ саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар, өндірісті басқару, ұңғымаларды жөндеу және жобаларды дамыту бағыттарында қызмет атқарған.

1998 жылы Ш. Есенов атындағы Техникалық университетті «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінде мұнай-газ саласында MBA дәрежесін алған.

Кәсіби жолын 1999 жылы Partex & Oman Oil Kazakhstan Dunga жобасында супервайзер ретінде бастаған, кейін Maersk Oil және Total E&P Dunga жобаларында түрлі инженерлік және басқарушылық лауазымдарды атқарған:

  • аға инженер;

  • жөндеу бөлімінің бастығы;

  • ұңғымаларды қызмет көрсету менеджері;

  • өндіріс пен қолдау департаментінің жетекшісі.

2022 жылдан бері «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС-де қызмет етеді:

  • жаңа жобалар менеджері;

  • 2025 жылдан бастап жаңа жобалар бойынша бас директордың орынбасары.

Компания ұңғымаларды капиталдық және ағымдағы жөндеу қызметін көрсетеді, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы ірі мұнай-газ операторларымен серіктес.

Айта кетсек, 2022 жылдың күзінде Исатай, Жылыой, Мақат және Қызылқоға аудандарындағы қызметкерлер жалақыны көтеруді және «Ембімұнайгаз» мекемесінің қарамағына қайтаруды талап етіп, түнгі ауысымға шығудан бас тартқан  еді.

17 қараша, 18:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.