Атырау, 12 желтоқсан 18:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

«Шаңырақта» тағы дау туды: жүргізуші жасөспірім тәрбиеленушіні соққыға жықты

818 рет қаралды

Әлеуметтік желіде  Атыраудағы отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылында ер адам тәрбиеленушінің бірін аяқ киіммен ұрып жатқаны туралы бейнежазба тарады. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына Атырау облысы бойынша балалар құқығы жөніндегі омбудсмен, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Айжан СӘРСЕНБАЕВА барып қайтты.

Сәрсенбаевадан білгеніміздей, оқиға былтыр шілде айында болған. Ер адам балалар ауылында жүргізуші болып қызмет етеді.

- Оқиға орнына барған соң полиция департаментіне қоңырау шалдым. Прокуратура мен білім басқармасынан да өкілдер келіп, мәселе зерделенді. Қазіргі кезде Атырау облыстық білім басқармасы тарапынан құзіретті органдармен бірге комисиия құрылды, әрі қарай сол комиссия жұмыс істейді, - деді А.Сәрсенбаева.

Айта кетейік әлеуметтік желіде кейін тағы бір бейнезазба пайда болды. Ол видеода тәрбиеленуші бала ер адам оны ойнап ұрғанын және алдымен өзі ер адамды «Гитлер, фашист» деп әзілдегенін және фашист деген сөздің мағынасын білмегенін айтады.  

Атырау облысы полиция департаменті «Шаңырақ» балалар ауылында болған дерекке қатысты қылмыстық іс тірекеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Атырау облыстық білім беру басқармасы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде тексеру жүргізген. Тексеру кезінде мекемеге қарасты қызметтік көлік жүргізушісі 2024 жылдың 24 шілдесінде спорт залында жасөспірім тәрбиеленушіге қол көтергенін анықтады. Жүргізушінің бұл әрекеттері бейнетаспаға жазылып қалған. 

Психолог маманымен сөйлескен кезде жасөспірім жүргізушімен өзара әзілдесеміз деп мәлімдеді. Ал сол кезде оның намысына тиетін сөздер айтқан екен. Ол өзінен жасы үлкен адамға ренжімейтінін, керісінше өзін кінәлі сезінетінін айтқан. 

Атырау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір іс полиция департаментіне беріліп, тергеу жүріп жатыр. 

Еске сала кетсек, 2023 жылы осы мекеме бірнеше даулы мәселенің ортасында қалған еді. Басында тәрбиеленушілердің бірі мекеме директоры қол көтерді деп шағымданды. Кейін бұрынғы қызметкерлері балалар үйінің басшылығына шағым түсірді. Көп ұзамай, түнгі уақытта "Шаңырақтың" қыздарының бөлмесінде ер адам бейнекамераға түсіп қалды.    

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 қаңтар, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.