Атырау, 10 қараша 15:46
 дождьВ Атырау +4
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

​Атырау облысына салмағы 600 тоннадан асатын алып реакторлар жеткізілді

Бейнежазба
28 рет қаралды

Атырау облысындағы «Силлено» полиэтилен өндіру зауытының құрылыс алаңына ілмекті реакторлардың алғашқы сегіз секциясы жеткізілді. Жабдықтың жалпы салмағы 600 тоннадан асады.

Ілмекті реакторлар полимеризация қондырғысының болашақ зауыттың негізгі өндірістік процестерінің бірінің негізгі технологиялық жабдығы.

Жеткізілген сегіз секцияның әрқайсысының ұзындығы 67 метрден асады және салмағы 77 тоннаға дейін жетеді. Мұндай ірі габаритті жүкті тасымалдау үшін бірнеше көлік түрін пайдалана отырып, күрделі логистикалық схема қажет болды.

ҚМГ мәліметінше, жабдық халықаралық көлік дәліздері арқылы жеткізілген. Тасымалдау жобаны іске асыру аясындағы ең ауқымды логистикалық операциялардың бірі болды.

Реакторларды жеткізу Қазақстанның ірі мұнай-газ химиясы кәсіпорындарының бірін салудың кезекті маңызды кезеңіне айналды.

Еске сала кетейік, «Силлено» зауыты Атырау облысында салынып жатыр және жылына 1,25 млн тоннаға дейін полиэтилен өндіруге есептелген. Жобаны жүзеге асыру елдің мұнай-газ химиясы саласын дамытуға және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайтуға бағытталған.

Алдыда жеткізілген реактор секцияларын монтаждау және болашақ өндірістің технологиялық жүйесіне біріктіру жұмыстары тұр.

Бұған дейін Атырауға «Силлено» зауыты үшін 12 мың тонна жабдық жеткізілген болатын.

Сондай-ақ бүгін Құлсарыда ірі габаритті жүкті тасымалдауға байланысты жарық өшірілді.

Бүгін, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.