Атырау, 10 қараша 13:26
 дождьВ Атырау -0.4
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

​Құлсарыда жүк тасымалдануына байланысты он сағатқа жарық өшеді: ықшамаудандар тізімі

62 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған көрнекі сурет
ЖИ көмегімен жасалған көрнекі сурет

10 қарашада Құлсарыда ірі габаритті ауыр жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Осыған байланысты қаланың бірқатар ықшамауданында және Жылыой ауданының екі ауылында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін электр энергиясы уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Атырау-Жарық» ЖШС Жылыой аудандық электр желілері учаскесі хабарлады.

Ақкиізтоғай және Қарағай ауылдары, сондай-ақ Құлсары қаласының мына ықшамаудандарында жарық өшіріледі:

  • Атырау;

  • Автожолшылар;

  • Барлаушы;

  • Болашақ;

  • Достық;

  • Думан;

  • Кең Жылыой;

  • Мерей;

  • Мереке;

  • Мирас;

  • Мұнайшы;

  • Мұрагер;

  • Мешіт;

  • Оңтүстік әуежай;

  • Самал;

  • Солтүстік әуежай;

  • Жадырасын.

Сонымен қатар аталған аумақтарда орналасқан кәсіпкерлік объектілерінде де электр энергиясы уақытша өшіріледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.