Атырау, 10 қараша 15:46
 дождьВ Атырау +4
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

Испанияның Овьедо қаласында атыс пен жарылыс болды: полицей қаза тапты

39 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

10 қараша күні таңертең Испанияның Овьедо қаласында атыс болып, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жарылды. Салдарынан Испания Ұлттық полициясының бір қызметкері қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға екі отбасы арасындағы қарулы қақтығыстан басталған. Бұл туралы Reuters жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Вильяфрия ауданында болған. Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 7:00-де атыс болғаны туралы хабар түскен. Соның салдарынан жас әйел жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға орнына Ұлттық полиция қызметкерлері, соның ішінде жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру мамандары келген. Олар тұрғын үйдің кіреберісінен күдік тудырған сөмке тауып алған. Оның ішінде жарылғыш зат болған.

Полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқан кезде құрылғы жарылған. Кинологиялық бөлімшенің субинспектор шеніндегі қызметкері қаза тапты. Ал жарылғыш заттарды залалсыздандырумен айналысатын TEDAX бөлімшесінің тағы бір полицейі өте ауыр жарақат алды. JUPOL полиция кәсіподағының мәліметінше, дәрігерлер оның бір аяғын ампутациялауға мәжбүр болған. Жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

Жарылыстан кейін аудан қоршауға алынды. Оқиға орнына полицияның қосымша күштері, өрт сөндірушілер мен жедел қызметтер жіберілді. Құқық қорғау органдары атыстың мән-жайын және жарылғыш құрылғының қайдан шыққанын анықтап жатыр.

Бүгін, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.