«Атырауинжстрой-АИС» ЖШС мамандандырылған экономикалық соттың шешіміне қатысты жоғары инстанцияға шағым түсірді.
Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Атырау облысының экономикалық сотының төрағасы Асхат САУДАБАЕВ хабарлады. 20 мамырдағы азаматтық іс апелляциялық шағым үшін Атырау облыстық сотына жіберілді.
Еске салсақ, былтыр жыл соңында қала әкімдігі Атыраудың тарихи орталығында 20 жылдан астам уақыт бойы қолдан қолға өтіп келген жер телімін сатып алу-сату шарттарын заңсыз деп тану туралы талаппен сотқа шағым түсірген болатын. Бұл ретте, қаланың екі бас жоспары бойынша (2002 ж. және 2016 ж.) бұрынғы қалалық саябақтың аумағы (ортақ пайдаланылатын) жасыл желектер аймағына жатады. Ал кейбір фирмалар – жер иелері – бір-бірімен үлестес екені анық. Талап бойынша жауапкер жер телімінің қазіргі иесі – танымал «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС компаниясы.
Экономикалық сот талапкердің уәждерін негізді деп танып, 3 сәуірде барлық даулы сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды. Ал сот жер телімін соңғы меншік иесі – «Атырауинжстрой-АИС» компаниясына сату фактісін заңсыз деп атады.
Айтпақшы, қалалық саябақтың жерлері сонау 2013 жылы мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс еді, бірақ түсініксіз себептермен сол кездегі тиісті сот шешіміне қарамастан жүзеге аспай қалды.
Осыған байланысты экономикалық сот Атырау облысының әкіміне: қала әкімнің осыдан 14 жыл бұрынғы сот актісін неліктен елемегенін анықтап, шара қолдану туралы жеке ұйғарым шығарды.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік НЫСАНБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен шенеуніктер отырысында жеке ұйғарым қаралып, нәтижесінде «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45-бабына сілтеме жасалып, ешкім жауапқа тартылмады. Осы баптың нормаларына сәйкес, тәртіптік жаза құқық бұзушылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және ол жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. Алайда, бұл жайтқа байланысты осы жылдың қаңтар айында әкімдіктің тағы бір шені төмен қызметкері жұмыстан босатылған еді.
Лев ГУЗИКОВ