Атырау, 29 наурыз 19:20
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау облысында жеңіл көліктер жиналып қалған - МКК Ресеймен шекарадағы ахуал туралы

1 355 просмотра
Шекара өткелінде. Сурет «Орал апталығы» сайтынан

Ресейден Қазақстанға өткізетін пункттерде автокөліктер кезегі байқалады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"21 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына өтетін жеңіл автокөліктер саны 20 пайызға өсті. Осыған байланысты Қазақстанға кіреберістегі Ресеймен шекараның кейбір учаскелерінде көліктердің жиналуы байқалады", - деді ведомство өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, көліктер кезегі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.

Бұдан бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШЖҚ) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. Ведомоствоның хабарлауынша, қолданыстағы 30 автокөлік бақылау бекеті қалыпты жұмыс істеп тұр. Жолаушылар мен көліктер ағынының артуына байланысты кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда.

Бұдан басқа, Көші-қон полициясы мәлімдеме жасады.

23 қыркүйек 2022, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.