Атырау, 23 желтоқсан 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

1 156 рет қаралды
Сурет: t.me/uralskweek_kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШЖҚ) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы Қазақстанға келетін шетел азаматтарының саны артып отыр.
Қолданыстағы 30 автокөлік бақылау бекеті қалыпты жұмыс істеп тұр. Жолаушылар мен көліктер ағынының артуына байланысты кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

ҰҚК Шекара қызметі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шекара өткелдеріндегі қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ететінін айтты.

"Ресей шекара қызметімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өз қызметінде халықаралық шарттар мен Қазақстанның ішкі заңнамасының нормаларын басшылыққа алады", - делінген хабарламада.

23 қыркүйек 2022, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.