Атырау, 24 желтоқсан 09:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда полицей бақылауға алынған адамды электронды білезіктен құтқаруға уәде берген

1 338 рет қаралды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырауда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі шартты түрде сотталған азаматтан электронды білезікті 200 мың теңгеге шешіп беруге уәде берген деп күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, Атырау облысына бас бостандығын шектеу жазасына кесілгендердің уақытын қалай өткізетінін бақылау үшін 70 электронды білезік келген болатын.

Жыл соңына дейін облысымызға тағы 1000-ға жуық осындай білезік келеді деп жоспарлануда.

Фархат АБИЛОВ

24 тамыз 2022, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.