Атырау, 4 мамыр 01:43
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Шартты түрде сотталғандар "білезік" тағады

1 064 просмотра

Атырау облысында пробация есебінде тұрған азаматтар арасында қайталап қылмыс жасау дерегі 50 пайызға артқан. Осыған орай сотталушылар енді арнайы білезік арқылы бақыланады. Бұл туралы Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация бөліміне басшылық ету бөлімінің басшысы Артур ИМАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылғыны ҚР Ішкі істер министрлігі жіберген. Әзірге өңірге 70 білезік келіпті. Оның тең жартысы жазасын өтеуші қала азаматтарына тағылса, қалған 35-і жеті ауданға тең бөлінеді.

- Білезік арқылы күндіз де, түнде де жазасын өтеушілердің қайда екенін білуге болады. Оның денсаулыққа еш зияны жоқ. Осының арқасында қызметкерлердің жұмысы жеңілдеп, заң бұзушылар саны азаяды деген үміттеміз. Дегенмен пробациядағы мамандардың кешкі 22:00-ден кейін жүргізетін рейдтік іс-шаралары да тоқтамайды, - деді А.Иманов.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы  пробация есебінде 1045  азамат бар. Олардың бәрі заманауи білезікпен жыл соңына дейін қамтылады деп жоспарлануда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 тамыз 2022, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.