Атырау, 25 желтоқсан 02:39
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​«Кейбір шекарашы браконьерлерге «қамқорлық» жасайды» деген ақпаратқа қатысты

1 508 рет қаралды

2022 жылдың 11 мамырында біздің сайтымызда «Кейбір шекарашы браконьерлерге «қамқорлық» жасайды» деген тақырыппен ақпарат жарияланды. 

Онда «Ақ Жайықтың» ақпарат көзінің мәліметі бойынша, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысында қызметте жүрген Маңғыстау облысы бойынша департаментінің төрт қызметкері Каспий теңізінде браконьерлерге қамқорлық жасады деген күдікке ілінген деп хабарланды. 

Сондай-ақ, күдіктілердің үйлерінде тінту жүргізіліп жатқаны, қылмыстық істі ҚР ІІМ өңірлік әскери-тергеу басқармасы тергеп жатқаны айтылды. 

Кейін қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылғаны белгілі болды. Осыған байланысты, 2022 жылдың 11 мамырындағы жарияланымымыз мерзімінен бұрын шыққан және анық емес деп санау керек. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ кешірім сұраймыз.

 

13 тамыз 2022, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.