Атырау, 19 наурыз 15:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

​Руслан мен Нұрбек Әділовке қатысты - Антикордың түсіндірмесі

1 132 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаменті Руслан ӘДІЛОВ пен оның інісі Нұрбек ӘДІЛОВКЕ қатысты жақында жарияланған мақалаға байланысты түсініктеме берді.

«2022 жылғы 3 тамызда ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігі, 12-тармағы, ҚР ҚК-нің 68-бабы негізінде тараптардың татуласуына байланысты Қ. (ақталмайтын негіздер бойынша), Нұрбек Әділовке қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды.

Руслан Әділовтен бұл іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Р.Әділовтың әрекетінде мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс тәртіп белгілері болғаны анықталды. Осыған байланысты Р.Әділовке қатысты ҚР Ішкі істер министрлігіне оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жіберілді» деп хабарлайды Антикор.

12 тамыз 2022, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.