Атырау, 27 сәуір 05:12
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Руслан Әділовті ұстаған жоқ, оның ағасына қатысты іс қысқартылды

1 257 просмотра

2022 жылғы 28 сәуірде «АЖ» сайтында Атырау облысы бойынша Полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Руслан Әділовпен бірге оның ағасы Нұрбек Әділов пара беруге итермелегені үшін ұсталды деген ақпарат жарияланды.

Бұл ақпарат тексерілмеген дереккөзден алынды, кейін жоғарыда айтылған ақпарат бойынша мән-жайды тексерген кезде оның шындыққа жанаспайтыны анықталды. Атырау облысы көші-қон қызметінің басшысы Руслан Әділовті ешкім ұстаған жоқ және оның бұл іске еш қатысы жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаментінің қаулысына сәйкес оның ағасы Нұрбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылды.

Редакция шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны үшін Руслан Әділовтен кешірім сұрайды.

10 тамыз 2022, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.