Атырау, 10 маусым 11:38
 дождьВ Атырау +21
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Атырау облысы ПД көші-қон қызметінің басшысы пара беруге итермелегені үшін ұсталды

3 213 рет қаралды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 28 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Руслан ӘДІЛОВТІ ұстады. 

«АЖ»-ның ақпарат көзі хабарлағандай, 27 сәуірде Руслан Әділов ағасымен бірге ҚР аумағынан шығу қаупі төнген Молдова Республикасының азаматын Атырау қалалық сотының судьясына пара беруге итермелеген. Рекрутингтік агенттіктің директоры 6 мың доллар көлеміндегі параны полковник Әділовке берген, бірақ ағайындылар ақшаны судьяға бермей, өздеріне қалдырған. ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-тармағы, 367-бабының 3-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беруге айдап салу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Фархат АБИЛОВ

29 сәуір 2022, 01:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.