Атырау, 25 сәуір 15:25
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды, Хаменова қызметінен босады

2 012 просмотра
Қайрат НҰРТАЕВ

Облыс әкімдігі ресми түрде облыс әкімінің екі орынбасары тағайындалғаны туралы хабарлады. Бұл лауазымды қызметке Қайрат НҰРТАЕВ пен Жасұлан БИСЕМБИЕВ келді. 

Екі орынбасары да Құрманғазы ауданында туған. 42 жастағы Қайрат Нұртаевтың бүкіл еңбек жолы Атырау облысында өтті. 2004 жылы Атырау  облыстық  экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маман болып бастады. 2005-2007 жылдары аралығында Атырау облыстық  жолаушылар көлігі  және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2008 жылдан бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болды. 2010 жылдан 2017 жылға дейін Атырау облыстық  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының орынбасары, 2017-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019 - 2021 жылдары Құрманғазы ауданының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін «БатысАльянсстрой» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. 

Жасұлан Бисенбиев 32 жаста. Оны да Атырау халқы жақсы таниды. 2008-2011 жылдары жастар қоғамдық бірлестігін басқарды, кейін "Атырау-ақпарат" КМК төрағасының көмекшісі болды, 2013 жылы «Атырау қаласы жастар ресурсы орталығын» басқарды. 2016 жылдың мамыр айында  жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары, 2017 жылы осы басқарманың басшысы қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшы болды. 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - «Gate Insaat Taah.San.Tic.A.S.»  компаниясының менеджері. 2021 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жасұлан Бисембиевті тұрғындар пандемия кезінде жедел штабты басқарғанда жақсы таныды. 

Енді облыс әкімінің үш орынбасары бар: Қайрат Нұрлыбаев, Қайрат Нұртаев және Жасұлан Бисембиев. 

Бақытгүл Хаменова 3 тамызда қызметінен босатылды. 

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Заңының 59-бабының 9-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 59-бабының 9-тармақшасына сәйкес, саяси лауазымға тағайындау құқығы берілген лауазымды тұлғаның тиісті шешімі бойынша Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 267-Р өкімімен Бақытгүл Хаменова облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Бұған дейін біз қамаққа алынып, айыпталуына қарамастан Б.Хаменова осы күнге дейін облыс әкімдігіндегі қызметінде болғанын жазған едік. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

11 тамыз 2022, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.