Атырау, 7 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бақытгүл Хаменова облыстық әкімдікте жұмыстан шығарылмаған. Бұл заңға қайшы емес

2 086 просмотра

Пара алды деген күдікпен қамауға алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА әлі күнге дейін облыс әкімдігінде жұмыс орнынан шеттетілмеген.

- Егер ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазбаса, сот кінәлі деп танылғанға дейін оны ешкім жұмыстан шығара алмайды, - деп хабарлады облыс әкімдігі. Сондай-ақ, «АЖ» тілшісі мақұлдау үшін Хаменованың қолы қойылмаған құжаттарды көрді. Бұдан бұрын әкімдікте хабарланғандай, оның міндеттері басқа орынбасарларға: денсаулық сақтау саласы Қайрат Бекеновке, білім саласы бірінші орынбасары Серік Айдарбековке, басқа салалар Нариман Таушовқа бөлінген.

Айтпақшы, қазір сотталып жатқан облыс әкімінің тағы бір орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ та қызметінен босатылған жоқ. Сондай-ақ соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенше өз орнында болған білім беру басқармасы басшысының орынбасары Толғанай КӨЛБАЕВАНЫ да еске түсіруге болады. Шенеуніктердің құқық саласында сауатты екені, кінәсіздік презумпциясы қағидасын жақсы меңгергені мақтауға тұрарлық. Егер ұрлық жасамаса...

Фархат АБИЛОВ

13 ақпан 2022, 23:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.