Атырау, 5 қазан 14:16
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жемқорлық дәлелденбеді, бірақ полицейлер жұмыстан қуылды

996 просмотра

Атырау облыстық ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес (БҚҚҚК) бөлімінің (су полициясы) бірнеше қызметкерін қылмыстық қудалауды тоқтатты.

Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсанында су полициясына қатысты «Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» сыбайлас жемқорлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

«АЖ» сауалына ПД басшысының орынбасары Әділхан БАЙДОСОВТЫҢ қолы қойылған жауаптан белгілі болғандай, биыл көктемде іс «қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты» деген тұжырыммен, дәлірек айтсақ, дәлел болмағандықтан қысқартылды.

«Сонымен бірге, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, нәтижесінде қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және құқық қорғау органының беделін түсіретін құқық бұзушылықты жасағаны үшін БҚҚҚКБ басшысы Н.Қанатов пен оның орынбасары К.Әбішев қарсы себептермен полициядан босатылды», - делінген жауапта.

Бұрынғы су полицейлеріне нақты қандай айып тағылғанын полиция департаментіндегілер хабарлаудан бас тартты.

Лев ГУЗИКОВ

27 шілде 2022, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.