Атырау, 19 сәуір 19:53
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауда су полициясының қызметкерлері жемқорлық дерегі бойынша тергеуге алынды

1 624 просмотра

Атырауда балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің (БҚҚҚК) бір топ қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тергелуде.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, былтыр желтоқсан айында БҚҚҚКБ-нің (су полициясы) браконьерлікпен күрес қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Олардың үйлері тінтілді.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі бұл фактіні жазбаша растап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» деп аталатын 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылады. Тергеуді Атырау облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізіп жатыр. Бұдан басқа, «АЖ»-ның сауалына жауап ретінде 28 желтоқсанда БҚҚҚКБ бастығының орынбасары Қ.Әбішевтің «теріс себептермен» жұмыстан босатылғаны хабарланды.

Соңғы жылдары бұл БҚҚҚКБ қатарындағы алғашқы жанжал емес. 2020 жылдың жазында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімінің басшысы Б.Досановты бір жарым миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады. Артынша сот оны үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Лев ГУЗИКОВ

4 ақпан 2022, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.