Атырау, 17 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Өзен үстіндегі субұрқақ орнына «қалқып» келеді

932 просмотра

Жаз, аптап ыстық... Біздің оқырмандар қаланың 380 жылдығына орай «ақ үйге» қарсы Жайық өзені үстіне екі жыл бұрын орнатылған қалқымалы субұрқақ туралы сұрай бастады. 2021 жылдың қараша айынан бері ол орнында жоқ.

Сол кезде әкімдіктегілер қыстың суығында субұрқақтың істен шығуының алдын алу үшін жылы жерге көшірілетінін, ал 2022 жылы жаз шыққанда қайта орнына жеткізілетінін айтты.

Қала әкімдігінің бапасөз қызметі «АЖ» сауалына субұрқақ туралы биыл көктемде судың көлемі әдеттегіден де көтерілуіне байланысты оны орнына жеткізу кешеуілдеді. Қазір су бір қалыпты деңгейге түсті. Жақын күндері субұрқақ қайта орнына жеткізіліп, іске қосылады, деп жауап берді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 шілде 2022, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.