Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Құбырлар қысыммен үнемі тексеріледі, қайғылы жағдайдың себебін анықтаймыз»

1 817 просмотра

7 шілдеде Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сенімді құрылыс» компаниясының өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира БАТПАНОВА мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВТІҢ қатысуымен брифинг өтті. Тақырып – Теңізде орын алған қайғылы оқиға туралы.

Г.Батпенова қаза болған екі жұмысшының отбасына көңіл айтып, жерлеу шығындарын компания көтеретінін айтты.

– Бұдан басқа, алдағы уақытта заң аясында отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетіледі. Олардың несиелерін толық өтейміз, сонымен қатар балаларының білім алуына барлық жағдай жасаймыз, - деді ол.

Оның айтуынша, кен орнының құрылыс алаңында құбырларды гидросынау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Осындай қайғылы жағдайға ұшыраған төтенше жағдай бірінші рет болып отыр. Оның себебін анықтау үшін комиссия құрылды, тексеру жүргізіледі. Тексеру аяқталғанша жұмыс тоқтатылды.

А.Байдуәлиевтің айтуынша, қазір зардап шеккен жұмысшылардың бірі облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ол жерге ТШО ұшағымен жеткізілді.

– Ол қазір жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ішкі ағзалары зақымданған, диагноз қойылған, тиісті емін алып жатыр. Ал екінші жұмысшы Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Толық тексеруден өтті. 6 шілдеде үйіне шығарылды, бірақ дәрігерлердің бақылауында. Үшіншісі ТШО емханасының медицина қызметкерлерінен психологиялық көмек алды. Ол да үйіне шығарылды, - деді А.Байдуәлиев.

Айнұр САПАРОВА

8 шілде 2022, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.