Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

МИБ: тағы бір жыл берілуі мүмкін

1 219 просмотра

ПИК-тің тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшуіне тағы бір жыл уақыт берілуі мүмкін. Атырау облысындағы жағдай туралы қалалық тұрғын-үй инспекциясының басшысы Қайрат ХАБИЕВТАН білген едік.

Қ.Хабиевтың сөзінше, қаладағы ПИК-тің 80 пайызға жуығы жаңа жүйеге ауысқан. Қалған тұрғындар көпқабатты тұрғын үйді өздері басқаруға алу жауапкершілігінен бас тартып отыр.   

- Тұрғындар жаңа бірлестік құру үшін, арнайы есепшот ашу керек, жаңа мекеменің құжатын жасақтау жүрісінен қашады. Оған қоса, бұл халықтан қосымша қаражатты қажет етеді, - дейді инспекция басшысы.

Қазіргі уақытта тұрғындардың көпшілігі өздері қызмет көрсетуші мекеме тауып, басқаруды соларға табыстап отыр. Өздері мүше ретінде қаражаттың жұмсалуын бақылап отырады. Ал, бір бөлігі бұрыннан жұмыс жасап келген ПИК-ті серіктестік ретінде пайдаланғысы келеді.

- Заңның негізгі мақсаты, тұрғындар өз үйлерін өз қолына алып, өз күштерімен күтіп ұстауына жағдай жасау. Себебі заңдағы бұл түзетулер халықтың ПИК дұрыс жұмыс істемейді деген шағымынан туындаған. Дегенмен сайып келгенде тұрғындар өздері де күткісі келмей, ақшамен жұмыс істеудің жауапкершілігінен қашқақтап отыр. Қазіргі кезде бізге басқа өңірлерден де сервистік компаниялар келіп, заңға сәйкес жұмыс істеуге ұсыныс білдіріп жатыр. Біз оларды әлі жаңа формаға көшіп үлгермеген көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесуге жіберіп жатырмыз, - дейді Қ. Хабиев.

- Әр үйге бір электрик, сантехник табу қиын емес пе?

- Қазіргі кезде бірнеше үй бір компаниямен келісіп жұмыс істеп отырғандар бар. Ол компания бір сантехник, бір ток жөндеушімен келісімшарт жасап, қаржыны үнемдеу үшін ақшаны олардың атқарған жұмысына ғана төлейді. Ал әр үйден жиналған қаражат әрқайсының бөлек шоттарында сақталады. Кез келген мәселеде тұрғындардың 3/2 пайызының келісімі қажет.

Айта кетейік, бастапқы жоспар бойынша елімізде ПИК жұмысы биыл 1 шілдеден бастап тоқтап, оның әкімшілік міндеттері жаңадан құрылатын мүлік иелерінің бірлестігіне (МИБ) немесе қарапайым серіктестікке (ҚС) берілуі тиіс еді. Алайда, көппәтерлі үйлердің тұрғындары МИБ-ке көшуге асығар емес. Жақында Мәжіліс тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшу туралы сенат енгізген түзетулерді мақұлдап, президенттің қайта қарауына жіберді. Онда тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйеге көшуі 2023 жылдың 1 шілдесіне ұзартылған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

 

8 шілде 2022, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.