Атырау, 6 қазан 01:10
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Зейнеткерлерге арналған жоба жалғасады

1 696 просмотра

Атырауда былтыр пилоттық негізде жұмысын бастаған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» 2022 жылы да жұмысын жалғастыруда. Жоба аясында қаланың зейнеткерлеріне әдетте қолжетімді емес қызмет түрлері тегін ұсынылады. Мұндағы мақсат - зейнеткерлердің бос уақытын көңілді әрі белсенді өткізу.

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жетекшісі Алуа СРАЛИЕВАНЫҢ сөзінше, бұған дейін жобаға қатысқан 70 зейнеткер әлі де WhatsApp желісіндегі топтан шықпаған. Биыл оған қосымша тағы 80 зейнеткерді қамту көзделіп отыр.

- Конкурстың қорытындысы алдағы апта ішінде белгілі болуы тиіс. Биыл да былтырғыдай спорттық үйірмелер (жүзу, ән айту, атқа салт міну, компьютерлік сауат ашу, қыштан бұйымдар жасау) болады. Жоба бойынша желтоқсан айына дейін 150 адамды қамту жоспарланған. Қазір алдын ала тізімге енгізіп жатырмыз, - дейді Алуа Сралиева.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет 

27 маусым 2022, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.