Атырау, 6 қазан 03:41
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Халық ономастикасы: «Билайн» деп аталып кеткен ықшам ауданы

PR Сурет
3 317 просмотра

Атырау облысының Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында атауы жоқ алты көшесі бар жаңа ықшам ауданы бар. Жоқ, мүлде атауы жоқ емес: жергілікті халық оны «Билайн» көшесі деп атайды. Неге «Билайн»? Оны біз тұрғындардың өздерінен сұрап білдік. 

 «Билайн» Сағыздың шетінде, Атырау-Ақтөбе тас жолына жақын орналасқан. Ауылдың ішінен ол жаққа қарай асфальт төселген негізгі жолмен бардық. Негізгі көше – Нұрмұхамбет Абдуллин көшесі. Ол қатар жатқан алты көшені қиып өтеді, осы көшелердің халық қойған жалпы атауы «Билайн» екен.

Жергілікті тұрғынЗинадин ӨСКЕНБАЙДЫҢ (төменгі суретте)айтуына қарағанда, Билайн атауы 2000 жылдардың басында, Beeline компаниясының ұялы байланыс мұнарасы орнатылғанда қолданыла бастаған. Айтпақшы, мобильді байланыс пен Интернет бұл жерде жақсы, телекоммуникация сағатша жұмыс жасайды. 

Ләйла ТӨРЕХАНОВА (төмендегі суретте) мұнара жақтағы бірінші көшеде тұрады. Мұнара алыстан көрініп тұр, адамдарға бағыт-бағдар беріп тұрғандай.

- Такси жүргізушілері мекенжай сұрағанда, «Билайнға» деп жауап берсек болды, бәрі түсінеді, - дейді Ләйла.

  Сағыз ауылдық округінің әкімі Өтепберген Әбіловтың айтуынша: жоғарыда аталған көшелердің ресми атауы жоқ, құжаттарда 1-ден 6-ға дейінгі нөмірмен берілген. Алайда жуырда Абай, Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы және Әбілхайыр хан тәрізді біртуар тұлғалардың аты беріледі, деп жоспарлануда.

 - Әділет министрлігіне осы көшелерді тіркеу туралы хат жібердік. Оған шамамен бір айға жуық уақыт кетеді, - дейдіӨ. Әбілов.

Бірақ жергілікті тұрғындар бұл көшелерді әлі біраз уақыт бойы «Билайн» деп атайтыны анық.

 Айта кетейік, Сағыз ауылында 8 мыңға жуық халық тұрады. Кезінде ауыл адамдары шалғайдағы Шолақсай, Былқылдақты, Аққұдық ауылдарынан қоныс аударып, мал шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен, қазір көп бала мектеп жасына жеткендіктен, аудан мектептерінде білім алғысы келетін отбасылар ауылдық округ орталығына көшіп баруда.

23 маусым 2022, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.