Атырау, 7 қазан 09:21
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Авангардтағы «атқыш» екі айға қамауға алынды

2 068 просмотра

Сот 15 наурызда Авангардтағы соңғы аялдамада үш адамның өлтірілгеніне қатысты күдіктіні 2 айға қамауға алуға шара қабылдады. Еске салсақ, ол 28 жастағы Маңғыстау облысының тумасы. Сол күні ол екі тапаншадан үш адамды атып өлтіріп, төртіншісін ауыр жаралады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, 24 наурызда жарақат алған науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ол - 26 жастағы А.Н., Еркінқала тұрғыны.

– Науқас нейротравматология бөліміне ауыстырылды. Ол сөйлейді, сұрақтарға жауап бере алады, - деді баспасөз қызметіндегілер. Еске салсақ, ол 15 наурызда басынан ауыр оқ жарақатымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, осы күнге дейін ес-түссіз жатты.

Айнұр САПАРОВА

25 наурыз 2022, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.