Атырау, 7 қазан 07:19
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Полиция Авангардта үш адамды өлтірген "атқыштың" екі тапаншасын тапты

Бейнежазба
2 312 просмотра

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 наурызда кеште Авангардтағы аялдамада атыс ұйымдастырған "атқыштың" екі тапаншасы тәркіленгені туралы хабарлады. Еске салсақ, 28 жастағы Маңғыстау облысының тумасы үш ер адамды өлтіріп, төртіншісін жарақаттаған еді. 

Ол сол күні түнде Атырау-Ақтау жолында Маңғыстау облысына бағыт алып бара жатқанда Жылыой ауданы аумағынан қолға түсті. Ол кезде оның жанында қару болмаған.  

- 19 наурыз күні атыраулық полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында атыс орын алған ықшам аудандағы теректердің бірінің түбінен екі тапаншаны анықтап, тәркіледі. Қазіргі таңда қарулар сараптамаға жолданды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны ПД ұсынды

21 наурыз 2022, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.