Атырау, 26 сәуір 18:28
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Экономист Мақсат Халық: ««Дизель отынының тапшылығы қолдан жасалған деп күмәнданамын»

1 627 просмотра

«АЖ» тілшісі дизель отынының тапшылығы мен қымбаттауы туралы мақала дайындау барысында экономист Мақсат ХАЛЫҚТЫҢ пікірін сұрады.

Оның пікірінше, елдегі дизель отынының тапшылығын мүдделі тұлғалар арнайы қолдан жасап отыр. Яғни бағалардың өсімін қамтамасыз ету арқылы табысты көбірек тапқысы келетін мүдделі топ бар.

- Экономикада алигополия деген ұғым бар. Бұл нарықта баға мен тұтынушының әрекетіне үлкен ықпал ететін ірі сатушылардың азғана мөлшерде болуы. Бұл жағдайда сатушылар өзара келіседі де, тауар мен қызмет бағасы туралы жария емес келісім жасайды, - дейді М. Халық. – Қазір осы нарықта бағалық келісім орын алып жатыр деген күмән бар. Енді не боп жатыр? Жүк тасымалдау қызметін ұсынатын компаниялар тасымалдау  бағасын көтеріп жіберді. Бұл олар үшін жақсы, бірақ нарыққа кері әсерін тигізеді. Ертең, демек, ең алдымен ауылшаруашылық өнімдері қымбаттайды деген сөз. Ал ол бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан бұл жерде бағаны қадағалайтын, реттейтін тиісті органдар арнайы баға келісімі бар ма, жоқ па, соны анықтау керек, егер болса, кінәлілерді жазалау керек деп ойлаймын. Тек осылай ғана бағаны тұрақтандыруға болады.

М. Халық ҚР Энергетика министрлігінің жағдайды реттеуге қатысты талпынысына күмәнмен қарайды:

- Жыл сайын күзде қайталанатын жағдай осы: дизель отынының бағасы көтеріледі, оған, мысалы, біздің мұнай өңдеу зауыттарының бірінде жүргізілетін жөндеу жұмыстары себеп болады дейді. Менің ойымша, бұл жай ғана сылтау. Жылда қайталанғандықтан, үкімет бұл мәселеге мән беруі керек емес пе? Қазір дизель отынын жеткізу тағы да кешіктіріліп жатыр. Қаншама жерде егістік алқаптарында техника қаңтарылып тұр. Ал бұл біздің бәріміз үшін өте жаман.

Жазып алған Айнұр САПАРОВА

23 қазан 2021, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.