Атырау, 29 наурыз 10:32
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраулық жүк тасымалдаушы: «Шығынмен жұмыс істеудің мәні жоқ»

Сурет
1 739 просмотра

Елімізде дизель отынының тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Бұл ең алдымен жүк тасымалдаушыларға әсер етті. Сауда нүктелеріне азық-түлік пен өнеркәсіп тауарлары жүк көліктерімен жеткізіледі. Жергілікті тасымалдаушыларды мысалға ала отырып, бұл туралы толығырақ «AЖ» материалынан оқыңыздар.

Қыркүйектің басында кейбір өңірде жүк тасымалдаушылардың наразылық акциясын өткізгені, ал атыраулық жүк тасымалдаушылар да шықпақ болғанда, билік «алдын алу» шараларын алғаны белгілі. Бүгінде Атырауда дизель отынының бағасы жақында литріне 185-187 теңгеден 216-ға («Меркурий» жанармай құю станцияларының желісі), 230-ға («Qazaq Oil» және «Helios»), 270-ке («Ниет»), 280 теңгеге («Арна») дейін өсті. Осы ретте Серік есімді жүк тасушы сұхбаттасым «Qazaq Oil» және «Helios» жанармай құю бекеттерінде лимиттің жойылғанын айтады:

- Бұрын лимит 50 литрден аспайтын болса, жақында маған баға көтерілгендіктен қолма-қол ақшаға қалағанымша құюға болатынын айтты.

- Жақында ақтаулық әріптесіңізбен сөйлестім. Бұрын Ақтаудан Жаңаөзенге дейін 80 мың теңгеге жүк тасыса, қазір 100-110 мың сұрайды екен. Ал Ақтаудан Атырауға тасымалдау 250 мыңнан 300-350 мыңға дейін көтерілген. Сіздерде қалай?

- Иә, мен өз қызметімді мүлде тоқтаттым. Өйткені енді оның еш мәні жоқ. Мысалы, маған қазір Беларуссияға жүк тасымалдау үшін 1 млн теңге ұсынады. Ал маған қазіргі бағамен дизель отынын, тамағымды сатып алу керек, Ресей мен Беларуссиядағы көлік жолдарына ақы төлеу керек және т.б. Ұзақ және қауіпті сапардан кейін менде мардымсыз ғана сома қалады. Қазір не істерімді, қалай отбасымды асырап, несиемді жабу керегін білмеймін. Әлдебір кәсіпорынға жұмысқа кіретін шығармын. Жігіттердің көбі әзірше шыдап жүр, бірақ қаншалық ұзаққа баратынын білмеймін.

Қалай болғанда да өз қызметінің құнын өсіреді, ал бұл азық-түліктер мен басқа тауарлардың құнына әсер етері сөзсіз. Қазақстанда өндірілетін нәрсе аз екенін жақсы білесіз ғой. Картопты Иран мен Түркіменстаннан, Волгоград пен Астраханнан әкелеміз. Құрғақ сүтті де Ресейден, астықты Саратовтан әкелеміз. Қазақстаннан металл сынықтарын ғана Ақтау портына дейін жеткіземіз, ол әрі қарай теңіз арқылы Иранға кетеді. Астраханьға да металл сынықтарын апарамыз...

Екінші сұхбаттасым Ерболат әзірге жүк тасымалдауды жалғастыруда, бірақ оның қызмет құны басқа:

- Мен Қазақстан мен Ресей арасында жүк тасымалдаймын. Дизель отыны тапшы болып, қымбаттаған кезде бір ай бұрын бағаны көтеруге мәжбүр болдым. Әрине, клиенттерді жоғалтқың келмейді, бірақ шығынмен жұмыс істеудің де мәні жоқ. Бұрын Ақтауға 280 мыңға бардым, қазір 350-380 теңгеге барып жүрмін. Әрине, логистиканың қымбаттауы сауда желілерінде сатылатын тауарлардың құнына әсер етеді.

«АЖ» Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдап, мынадай жауаптар алды.

– Дизель отынына қатысты қазіргі ахуалға не себеп?

– Қазақстанда оның құны басқа елдерге қарағанда әлдеқайда төмен болуында – бұл транзиттік тасымал мен бақылаусыз ағынды тұтынудың көбеюіне әкелді.

– Жағдайды тұрақтандыру үшін қандай шаралар алынуда?

- Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар алынды:

- мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен шығаруға тыйым салынды;

- биылғы сәуірден бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды;

- AМӨЗ-дегі жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілді;

- Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына шикізаттың қосымша көлемі жүктелді;

- Павлодар мұнайхимия зауытында мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімі шегерілді;

- Ресей Федерациясынан 100 мың тонна дизель отынын жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Оның 43,5 мың тоннасы қыркүйекте, ал 22,2 мың тоннасы қазанның бірінші онкүндігінде жөнелтілді.

- Ақтау мен Атыраудағы жүк тасымалдаушылар оларға 50 литрден артық сатпайды деп шағымдануда. Дизель отынына шектеуді кім қояды?

- Кейбір жанармай құю бекеттері талонмен төлеу жүйесіне көшті. Бірақ бұл жерде компаниялардың әлеуметтік маңызы бар мекемелерге кепілдік міндеттемелері бар екенін және олардың орындалмауы келеңсіз салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Ал Атырау қаласында қазір бірқатар жанармай құю бекеттерінде дизель отыны қолма-қол ақшаға сатылып жатыр.

– Өңірлерде баға неге әртүрлі?

- Импорттық дизель отынының өңірлердегі баға айырмашылығы - Ресей Федерациясындағы мұнай өңдеу зауыттарының сату бағасының әртүрлі болуына, сонымен қатар логистика, сақтау, жанармай құю станцияларының маржасы және т.б. шығындарына байланысты.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген Бауыржан ҚҰСАЙЫНОВ

23 қазан 2021, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.