Атырау, 19 мамыр 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сексеуілге сенім артамыз

1 461 просмотра
Құрманғазы ауданының Үштаған ауылы

Соңғы жылдары облыс аумағындағы жекелеген ауылдардың ішін жал-жал құмдар алып кеткен. Бұл жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырғаны жасырын емес. Құм көшкіні, әсіресе Исатай, Құрманғазы, Жылыой аудандарының елді мекендерінде басымырақ орын алуда. Иектеп алған қалың құм Исатай ауданындағы Исатай, Зинеден ауылдарындағы көше бойларына дейін жеткен.

Кезінде қорғанудың бірден-бір жолы - сексеуілді көптеп егу арқылы тосқауыл қою деп ұйғарылды. Қазір осылай жасалып жатыр. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, 2020-2021 жылдарға Жылыой ауданы Майкөмген ауылындағы жобаны жүзеге асыру үшін 77 млн теңге, жалпы егу жұмыстарына 6 га жер бөлінді.

Жұмыс ішінара жасалды және әрі қарай жалғасады. Исатай ауданы Кобяково-Забурын каналының бойындағы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 138 млн теңге бөлінді. Егу жұмыстары жалпы алаңы 7,9 га болатын 4 учаскеде жүргізіліп жатыр.

Исатай ауылы үшін 115,1 млн теңге бөлінді, жалпы алаңы 9 га.

Бұрын «АЖ» басылымында жазылған Құрманғазы ауданы Үштаған ауылы үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалған, 10 гектарға сексеуіл егіледі.

Әрі қарай бұл қорғаныс белдеулер ауылдық округтердің балансына өтеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

20 қазан 2021, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.