Атырау, 19 сәуір 01:11
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Сыбайлас жемқорлық пен азаптау: кім қай жерде сотын күтіп отыр?

Толықтырылды
1 361 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, азаптау қылмысын жасады деген күдікке ілінген Құлсарылық полиция қызметкерлері сотқа дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр, ал бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары үйқамақта отыр.

Бұған дейін «АЖ» Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің екі «жедел қызметкері» ұрлық ісі бойынша тергеуде жүрген адамды азаптады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Алдымен олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Атырау облысының білім басқармасы басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары да биыл маусым аяғында ұсталды. Алдымен 38 жастағы әйел екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды, бірақ кейін үйқамаққа жіберілді.

Оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына («Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау») сәйкес тергелуде. Бюджет қаржысын жымқырудан басқа, оған және облыстық білім беру мекемесінің бірнеше қызметкерлеріне мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға арналған компьютерлік техниканы ұрлады деген айып тағылғаны белгілі болды. Бұл жерде айта кету керек, көптеген  оқушының ата -анасы оқу жылының ортасына дейін қажетті компьютерлерді алған жоқ. Ал конкурстың қорытындысы бойынша 161500 теңгеге 15888 ноутбук, 180 мың теңгеге 1925 компьютер және 67 200 теңгеге 2499 планшет сатып алынды. Сатып алынған компьютерлік техниканың жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асты.

Маусымдағы тағы бір атышулы оқиғаның бірі 21 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерінің ұсталуы болды. Тергеу мәліметінше, ол бұл соманы Павлодардағы сауда компаниясының басшысынан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін талап еткен. Тергеуде жүрген күдікті уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына «қоныс аударды» және қазір бұрынғы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған камерада сотын күтіп отыр. 

Фархат ӘБІЛОВ

2 тамыз 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.