Атырау, 16 сәуір 23:27
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды

4 720 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 30 маусымда Атырауда 21 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің офицері ұсталды.

Ұстау операциясын Астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жүзеге асырды.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел басқарма қызметкері Павлодардағы бір компанияның басшысынан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 21 миллион теңге талап еткен.

Қазіргі уақытта 366-баптың 4-тармағы ("Аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша қылмыстық іс қозғалып, офицер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын алу мәселесі шешілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

1 шілде 2021, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.