Атырау, 24 желтоқсан 10:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырауда ақша жымқырды деген күдікпен облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

5 437 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы білім басқармасы басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарын ұстады. Ол және басқа да басқарма қызметкерлері мемлекет қаржысын жымқырды деп күдіктелуде.

2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері «алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен» аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған. Олар мұны басқармада жұмыс істемейтін адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы жасаған, бұдан басқа қызметкерлердің іссапар шығындарының сомасын асыра төлеп, іс жүзінде өткізілмеген білім беру іс-шараларына төлем жасаған.

- Азаматша К. ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 38 жастағы күдікті құқыққорғаушылар тергеу жүргізіп жатқан кезеңде (2015-2020 ж.ж.) басқармада есеп бөлімінде жұмыс істеген, 2020 жылдың қарашасында басқарма басшысының орынбасары қызметінде қызмет еткен.

«АЖ» тілшісі білім беру басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВТАН түсініктеме сұрады, бірақ ол уақыт тапшылығын сылтау етіп, сұраққа жауап бермеді.

Фархат ӘБІЛОВ

3 шілде 2021, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.