Атырау, 11 қазан 21:24
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

3 874 просмотра

Ол бұрын осы басқарма бастығының орынбасары болған 35 жастағы Азамат МӘМБЕТОВ. Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша, ол ішкі конкурс нәтижесінде тағайындалды.

Азамат Мәмбетов 1986 жылы Ақтөбе облысында туған. Қазақ заң университетін және Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылдан - Ақтөбе қаласы әкімі аппараты жанындағы «Ақтөбе-Геозем» мекемесінде бас маман, 2010-2019 жж. - кадр бөлімінің бас маманы, содан кейін құжаттарды бақылау бөлімінің заңгері,  Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасында бөлім бастығы болды. Қазір тағайындалған қызметіне дейін - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары болды.

Естеріңізге сала кетсек, департаменттің бұрынғы басшысы Серік Қамидолланы биыл наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстаған болатын. Ол жұмысқа қабылданған әр шетелдік үшін жұмыс берушілерден пара алды деген күдікке ілінді. Іс күтпеген жерден қоғамдық резонанс тудырды - наурыз айының соңында Құлсары мен Атыраудың бір топ тұрғындары, дені көп балалы және мүгедек балалары бар аналар Қамидолланың қылмыстық қудалануын тоқтату туралы талап қойды. Мүмкін, осыған байланысты іс «Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану» деген жеңілдетілген бапқа қайта сараланып, 15 сәуірде №2 қалалық сот ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабын («Өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату») қолдана отырып, Қамидолланы қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім шығарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті ӨКҚ ұсынды

20 мамыр 2021, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.