Атырау, 18 сәуір 11:48
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Антикор Қамидолланың ұсталғанын растады

3 377 просмотра

Бүгін, 26 наурызда Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік ҚАМИДОЛЛАНЫ ұстау фактісі бойынша баспасөз хабарламасын таратты. Бұл жерде әңгіме пара туралы екені расталды, бірақ қандай мөлшерде екені айтылмайды.

«Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020-2021 жылдар аралығында ЖШС директорынан шетелдік жұмыс күшіне және жалпы қамқорлыққа рұқсат беруге көмектескені үшін пара алып отырған «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде (366-баптың 3-бөлігінің 4-тармағы, 367-баптың 2-бөлігі, 190-баптың 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары). ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды».

43 жастағы Жылыой ауданының тумасы Серік Қамидолла 2019 жылдың 4 ақпанында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін Жылыой ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарған. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

26 наурыз 2021, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.