Атырау, 26 сәуір 17:29
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Серік Қамидолланы қорғау үшін президенттің атына петиция жолданды

Бейнежазба
2 737 просмотра

30 наурызда Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы ғимаратының жанына 20-ға жуық әйел жиналды. Олардың барлығы Атырау қаласының тұрғындары - мүгедек баласы бар аналар мен көп балалы әйелдер.

Олар жақында ғана жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қамауға алынған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Серік ҚАМИДОЛЛАНЫ қолдап петиция жазып, қол жинап жатыр. Басты талап - қылмыстық қудалауды тоқтату және Қамидолланы бұрынғы лауазымында қалдыру.

Осы жерде біз 28 наурызда облыстық сот ғимаратында және сол күні кешке Атырау қалалық полиция басқармасында Жылыой ауданының бір топ тұрғындарымен бірге осындай талаппен жиналған бірнеше әйелді кездестірдік. Бұл, атап айтқанда, Атыраудың тұрғыны Сандуғаш КӨКЕНОВА. Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолдайтын петицияға қол жинау дәл осы жерден басталып, кейін ол ғаламторда жарияланады.

Көкенова үш баланың анасы, қазір жұмыссыз.

- 4 мыңға жуық қол жинауды жоспарлап отырмыз, - дейді Көкенова. Көп балалы ана Динара ҚҰДАЙБЕРГЕНОВАНЫҢ айтуынша, көп әйелдер жұмыста немесе баламен отыр, тек осыған байланысты олар мұнда келе алмады.

- Біз Серік Қамидолланың кінәсіз деп табылып, босатылуын талап етеміз, - дейді Д.Құдайбергенова.

Кейін әлеуметтік желіде ҚР Президентінің атына жолданған петицияның мәтіні пайда болды. Қысқаша айтсақ, онда мемлекет басшысына бұл мәселені өзінің ерекше бақылауына алуға өтініш білдірген. Өйткені жергілікті халық «өзіне мұқтаж адамға әрдайым қол ұшын беріп, көмекке келген» «ақ жарқын адамның» тұтқынға алынғанына алаңдаулы.  «Ол арамдық ойлайтын адам емес» - деп есептейді. Авторлар сондай-ақ Қамидолланың қылмыстық қудалауын оның шетелдік жұмыс күші үшін «4-ші категорияны» жойып, сол арқылы жергілікті жұмыссыздарға жұмыс орындарын ашқанымен тікелей байланыстырады. Сөйтіп біреудің «пайда көріп» отырған тетігін жауып тастады. «Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз әділеттілікті сұраймыз! Өйткені, бұған біздің Конституция кепілдік береді!» -  деп аяқталады бұл құжат.

Айнұр САПАРОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор 

31 наурыз 2021, 00:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.