28 наурызда сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік ҚАМИДОЛЛАҒА қатысты 2 айға үй қамаққа алу туралы шешім шығарды. Бұл жағдай күтпеген жерден қоғамның назарын аударды.
Естеріңізге сала кетейік, оны 25 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері ұстап, ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлімі 4-тармағы («Бірнеше рет пара алу»), 367 («Қомақты мөлшерде пара беру») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта ЖШС директорынан шетелдік жұмыс күшіне рұқсат бергені және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдік бар. Әзірге уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Бұл әдеттегідей жағдай болар еді (парамен ұсталған шенеунік аз ба), бірақ бүгін Қамидолланы қолдап, қорғауға облыстық соттың алдына бірнеше адам жиналды - олар Жылыой ауданының тұрғындары. Олар Камидолланы босатуды, ең болмағанда үй қамағында болуын талап етті, өйткені әлі ештеңе дәлелденбеген, ал Қамидолла, олардың айтуынша, керемет адам, ол көптеген адамдарға көмектескен екен. Кеште Атырау қалалық полиция басқармасының ғимараты алдына адамдар тағы жиналды. Олар Қамидолланың үй қамаққа шығаратынын күтті. Солай болды да.
Сандуғаш КОКЕНОВА:
«Біз мұнда Қамидолланы қолдау үшін келдік. Мен 2 мыңға жуық оқырманы бар телеграм-каналында аналар чатының әкімшісімін. Біз Серік Қамидолла пара алды дегенге сенбейміз және оған жала жабылды деп есептейміз. Басқа шенеуніктерге қарағанда ол біздің барлық сұраққа жауап беріп отырды, өтінішіңді жерге тастамайтын. Ол халықтың адамы. Біз оның босатылуын талап етеміз.
Серік Қамидолланың әйелі Гаухар АРЫСТАНОВА ел президентінен іске араша болып, әділ шешім қабылдауын сұрайды. Оның пікірінше, үйде табылған... Мерси шоколадынан басқа антикордың дәлелі жоқ.
Айта кетсек, жиналғандар арасында мүгедек балалардың аналары да болды. Тіпті біреуі Жылыойдан мүгедектер арбасына таңылған баласын әкелген. Бұл іске балаларды араластыруы артықтау, әрине.
Айнұр САПАРОВА
Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор