Атырау, 26 сәуір 12:21
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Темекі ісі»: Кимді 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қалдырылды

3 997 просмотра
Сурет: МКД баспасөз қызметі

№2 Атырау қалалық соты бұрын сол сотта шығарылған Вадим КИМГЕ құны 268 миллион теңге болатын импорттық темекі партиясын ұрлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды (ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы («Аса ірі мөлшерде жасаған ұрлық»). Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыстық сот алқасы үкімнің күшін жойып, істі судьялардың басқа құрамымен қарау үшін сол инстанцияға кері жіберген еді.

№2 қалалық соттың судьясы Гүлнар ДӘУЛЕШОВА Вадим Кимді кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол сондай-ақ Экономикалық тергеу департаментіне 268 млн. теңге - темекінің құны мөлшерінде материалдық залалды өтеуге тиіс.

Үкім жарияланғаннан кейін Кимнің адвокаты Талғат МҰҚАТАНОВ онымен толық келіспейтінін мәлімдеді.

- Судья ҚР ҚІЖК-нің 402-бабын пайдаланып, үкімнің кіріспе және қарар бөліктерін ғана жариялады. Сондықтан біз айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігін естіген жоқпыз, - дейді Т.Мұқатанов. - Біз бұған дейінгі барлық өтініштерімізді теріске шығару үшін ешқандай дәлел естіген жоқпыз.

Қорғаушы соттан үкімнің толық мәтінін және жоғары тұрған сот инстанциясына шағымдану үшін сот отырыстарының жазбасы жазылған дискіні беруді сұрады. 

Фархат ӘБІЛОВ

30 сәуір 2021, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.