Атырау, 12 қазан 13:22
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жарық басқа «коронаның» кесірінен ажыратылған

3 010 просмотра

10-17 қаңтар аралығында Атырау энергия торабында орын алған және облыс орталығы мен аудандарда жарықтың өшуіне байланысты технологиялық іркілістерді тексеру жөніндегі комиссия - Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен астанада өткен отырыста өз жұмысының қорытындысын жариялады.

Комиссия 10-11 қаңтарда және 15-17 қаңтарда ауа райының қолайсыз жағдайында Батыс МЭТ «КЕGОС» АҚ филиалының жоғары вольтты жабдықтарындағы технологиялық іркілістердің орын алуына "короналық қуаттың бітуі" себеп болғанын анықтады. Тұман мен жаңбыр кезінде атмосфералық ылғал оқшаулағыштардың бетіне жиналып, қосалқы станцияларда  жер-жерден «короналық қуаттың бітуіне» әкеп соққан тоқ өткізгіш қабат пайда болған.

Негізінде, бұл нұсқа бастапқыда айтылды.

Бұдан әрі, комиссияның қорытындысына сәйкес, бұл 97 МВт көлеміндегі жүктемеде қуаттың ажыратылуына әсер етті, оның ішінде Атырау облысы - 70 МВт, Маңғыстау облысы - 27 МВт.

Сонымен қатар, комиссия «КЕGОС» АҚ филиалының жоғары вольтты жабдықтарын пайдалануда технологиялық іркілістердің туындауына ықпал еткен жүйелі кемшіліктерді анықтады.

Естеріңізге сала кетсек, сол қаңтарда өткен брифингте өңірдің энергетикалық кәсіпорын басшылары тоқ өткізгіш қабаттың құрамында оқшаулауды бұзған Каспий және Арал теңіздерінің желмен ауаға көтерілген тұздары болуы мүмкін екендігін де айтқан еді. Бірақ комиссия жұмысының қорытындысын күтуге кеңес берді. Енді оның қорытындысы бойынша орын алған апаттар экологиялық емес, технологиялық себептерге байланысты болып отыр.

Тергеу нәтижесі бойынша болашақта осындай жағдайға жол бермеу үшін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленді. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 наурыз 2021, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.