Атырау, 26 сәуір 02:04
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда жарықтың өшуіне Каспий теңізінің тұзы себеп пе?

2 600 просмотра

Бір аптадан астам уақыттан бері Атырау облысы мен облыс орталығы электр қуатына байланысты проблемаларды бастан кешіруде. 10 қаңтардан бастап тұрғын аудандарда жарықты айырып тастауда.

«KEGOK» АҚ мәліметтері бойынша, 10 және 15 қаңтарда ауа-райының көктайғақ түзілуі, жаңбыр мен қар түрінде айтарлықтай нашарлауына байланысты, 220 кВ кернеулі "Индер - Атырау", "Атырау - Құлсары" жоғары вольтты электр тарату  желілері ажыратылып, Атырау мен Маңғыстау облыстарының бір бөлігі оқшауланған жұмысқа бөлінді.

19 қаңтарда Атырауда брифинг өтіп, онда Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бауыржан ТҰХФАТОВ технологиялық бұзушылықтарды тексеру үшін комиссия құрылғанын айтты.

- Ажыратылуға технологиялық немесе экологиялық жағдай себеп болды ма, оны тек комиссия анықтайды, - деді Тұхфатов.

«Экологиялық»? Бұл тақырып жарық өшкелі алғаш рет айтылып отырған сияқты. Сол брифингте «KEGOC» АҚ «Батыс жүйеаралық электр желілері» облыстық филиалының директоры Константин ЧЕРНОХАЕВ оны тарқатуға тырысты:

- Біз Атырау тұрғындарының пікірлерін көріп отырмыз - жел жоқта азғана жауған жаңбыр осындай маңызды нысандардың ажыратылуына қалай әкелді? Бірақ бұл жай жаңбыр емес. Бұрын, керісінше, мұндай «профилактикалық» жаңбыр оқшауламаның шаңын шайып, бұл жабдық үшін пайдалы болатын. Өкінішке орай, бұл жолы жаңбыр «тосын сыйға толы» болды - оның құрамында сымдардың оқшауламасын бұзатын әлдебір зат болды. Ол кеуіп болғанша, 30 жыл және одан көп тәжірибесі бар энергетиктерн алғаш рет осындай жағдайға тап болдық.  Бұл процестің мәнін түсіну үшін сараптама тағайындалды, Атырау мен басқа қалалардың зертханалары тартылды, жердің, судың және изоляторлар шайындыларының сынамалары жіберілді. Себебін анықтаймыз деп үміттенеміз.

Облыстағы трансформаторлар мен электр желілерінің жай-күйі туралы сұраққа жауап бере отырып, Чернохаев ажыратылуларға трансформаторлардың немесе жоғары вольтты желілердің қанағаттанарлықсыз күйі себеп болған жоқ деп сенімді түрде айтты:

- Оған ток өткізгіш қабаттың қонуы салдарынан электр оқшауламасының бұзылуы себеп болды. Құрамында не болғанын қазір айта алмаймыз. Мүмкін бұл желмен көтеріліп, әлдебір циклонға шоғырланған Каспий немесе Арал теңіздерінің тұзы шығар. Мүмкін басқа бір нәрсе шығар. Қазір мұнымен арнайы құрылған комиссия айналысуда.

Жабдықтың қызмет ету мерзіміне келетін болсақ, энергетиктердің айтуынша, оның беріктік мерзімі едәуір ұзақ. Мысалы, автотрансформаторлар мен жоғары вольтты электр желілерінің қызмет ету мерзімі 50 және одан да көп жыл.

«Атырау-Жарық» АҚ вице-президенті Мейірбек ҒҰБАШЕВТЫҢ айтуынша, оқшауламаны сүртіп тазарту жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан қысқа мерзімді ажыратулар болып тұрады. Барлық жұмыс бригадалары сол жерлерде жұмыс істеуде.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 қаңтар 2021, 22:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.