Атырау, 13 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Уланған құлсарылықтардан сальмонеллез табылды

2 284 просмотра

Бактериологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша, сушидан уланған Құлсары қаласының тұрғындарынан сальмонеллез қоздырғышы табылған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Естеріңізге салсақ, 28 желтоқсанда тамақтан улану белгілерімен аудандық ауруханаға 16 адам түсті. Көп ұзамай уланған адамдардың жалпы саны 43-ке жетті. Олардың барлығы «Три самурая» кафесіне үйлеріне суши жеткізуге тапсырыс берген.

Қазір ауруханада 42 науқас жатыр, олардың жағдайы орташа. Жылыойдың санитар дәрігерлері «Три самурая» кафесін тексеріп, өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, тағамды сақтау нормативтері сақталмаған - шикі және қуырылған балық, нан, фри картобы, уылдырық тоңазытқышта бірге сақталған. Сондай-ақ, департамент мәліметі бойынша, балық және балық өнімдері, пиццаға арналған ашытқы сақталған тоңазытқыштағы температура өлшенбеген. Әр ауысым жұмысшыларында жеңіл жарақаттар мен іріңді жаралардың бар-жоғына күнделікті тексеру жүргізілмеген, қол жуғыш болмаған.

Қазір «Три самурая» экспресс-кафесінің жұмысы уақытша тоқтатылды, қылмыстық іс қозғау үшін материалдар аудандық полиция бөліміне жолданды.

Айнұр САПАРОВА

6 қаңтар 2021, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.