Атырау, 23 қараша 02:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құлсарыда 16 адам сушиге тапсырыс беріп, уланып қалған

4 293 просмотра

Бүгін 28 желтоқсанда «АЖ»-ға Құлсары қаласында сушидан жаппай улану жағдайы орын алғаны белгілі болды. Жылыой орталық аудандық ауруханасына  жергілікті 16 тұрғын тамақтан уланып, ауруханаға түсті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сұрағымызға жауап бере отырып, кеше 27 желтоқсанда Құлсары қаласының 10 тұрғыны, ал бүгін – 6 тұрғынның ауруханаға түскенін хабарлады. Олардан сұрастыра келе, олардың бәрі 25-27 желтоқсан аралығында сол қаладағы кафеден үйге суши жеткізіп беруге тапсырыс бергені анықталды.

Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы «орташа» деп бағаланады. Улану белгілері – іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік.

Қазір осы факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Ал «АЖ» сұрағына Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі «бізде ондай мәліметтер жоқ» деп жауап берді.

Біздің мәліметіміз бойынша, кафенің өзінде тамақты дайындау мен жеткізу тоқтатылған. Сотқа оның қызметін уақытша тоқтата туралы материалдар әзірленуде.

Айнұр САПАРОВА

28 желтоқсан 2020, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.