Атырау, 13 қыркүйек 13:44
 дождьВ Атырау +22.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Құлсарыда уланғандардың жалпы саны 43-ке дейін көбейді

3 533 рет қаралды

Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құлсары қаласының уланған 38 тұрғыны Жылыой аудандық ауруханасында жатыр, тағы бесеуі амбулаториялық ем алуға ниет білдірді.

- 38 науқастың бәрінен бактериологиялық зерттеу үшін анализ алынды, нәтижесін күтеміз, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, 28 желтоқсанда «АЖ»-ға Құлсары қаласында сушиден жаппай уланған жағдайлар белгілі болды. Тамақтан уланған 16 жергілікті тұрғын Жылыой орталық аудандық ауруханасына  жатқызылды. Кейін уланған адамдардың саны 29-ға дейін көбейді.

Айнұр САПАРОВА

2 қаңтар 2021, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.